Іс шаралар » Almaty region Kerbulak district Архарлы орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Kerbulak district бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Архарлы негізгі мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(771) 460-88-97
Оқу бөлімі:
+7(775) 811-00-32
Version for
visually impaired
25
November
2020

Іс шаралар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

«АДАЛ ҰРПАҚ» ЖӘНЕ «САНАЛЫ ҰРПАҚ» 

КЛУБТАРЫНЫҢ ОНЛАЙН-ФОРУМ


Бүгін Zoom платформасында "Тұрақты және әлеуметтік Даму Қоры" ҚҚ қатысуымен "Азаматтық бақылау" жалпы республикалық жобасын іске асыру шеңберінде "Адал ұрпақ" және "Саналы ұрпақ" клубтарының басшыларының, белсенді мүшелерінің қатысуымен "біздің таңдауымыз - құқықтық мемлекет"тақырыбында онлайн конференция ұйымдастырылды.

САНАЛЫ ҰРПАҚ - ұлт болашағы. Ал, бұл саналы ұрпақтың қалыптасуының негізі, тәрбие мен білім. Республикамыздың Тұңғыш The presidentі Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықты ұлт қауіпсіздігінің негізгі қатері ретінде атап өтіп, бүкіл қазақстандық қоғамды онымен күресте барлық күш-жігерді біріктіруге шақырды. 

Осыған байланысты, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стандарттарға сәйкес институттар мен тетіктер құра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мақсатты түрде іске асырылуда.

"Саналы ұрпақ – жарқын болашақ" жобалық кеңсесінде мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және жоғары оқу орындарының барлық жобалары шоғырландырылуда. Соның ішінде: Адал ұрпақ, адалдық дүкені, парасаттылық мектептері және парасаттылық лагерлері.

Спикер ретінде "Жас Ұлан" Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы, ҚР The presidentі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі - Д. Садвакасова, Стартап академиясының жетекшісі, заң ғылымдарының магистрі - Дигай Д. және облыстың ақпараттық - ағартушылық Штабының мүшесі - Л. Котельникова сөз сөйледі.

Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бұл іс-шара "Адал ұрпақ" және "Саналы ұрпақ"клубтары аясында жастармен жұмыс жасауда ерекше маңызға ие. Заңды ұстанатын және адал азаматты тәрбиелеу өскелең ұрпақтың құқықтық санасының, парасаттылығының, белсенді азаматтық ұстанымының қажетті деңгейін қалыптастыруға, құқық нормалары мен заңдарға құрмет көрсетуге, мемлекеттік құрылым және қоғам тыныс-тіршілігін ұйымдастыру қағидаттарын түсінуге мүмкіндік береді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив