Parents
Педагог-логопедтің 2021-2022 оқу жылына атқарған жұмысы бойынша есеп беру туралы
Information
Балаларды бақылау нәтижесінде биылғы оқу жылында мектепішілік логопед сабағына қатысатын оқушыларды бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша 7балатіркеуге алынды. Оның ішінде 2бала 2 сыныптан,1 бала 4 сыныптан,1 бала 5 сыныптан, 1 бала 6 сыныптан, 2 бала 7 сыныптан. Әр балаға жеке жұмыс жоспары құрылып, тіл кемістігі бар балалар тіркеуге алынып, түзету сабақтары жүргізілуде. Түзету сабағын аптабойы өтемін. Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен жекелей және топтық сабақтар жүргізіледі. Оқушылардың барлығына жеке даму картасы толтырылған. Әр оқушыға сабақ жоспарлары құрылған. Ата-аналарымен келісімшарт толтырылып, балаларының сабаққа қатысуына келісімдерін берді. Teachersмен және ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеймін.
Жүргізілген педагог логопед маманының түзете – дамыту төмендегідей кезеңдермен өтті.
1. Диагностикалық кезең:
1. баланың психо-физиологиялық қалпын үнемі және жан-жақты зерттеу.
2. сөйлеу тілі бұзылыстарының әр түрлі деңгей формаларын зерттеу.
3. таным әрекеттерінің бұзылу белгілерін, деңгейін анықтау.
2. Коррекциялық дамыту кезеңі:
1. баланың даму қалыпын ескере отырып қадамдылық бағытта оқыту процессін жүргізу.
2.түзете – дамыту жұмыстарына ата – аналарды енгізу, тығыз байланыста болу.
3. әр жас кезеңіне сәйкес танымдық әрекеттерін дамыту.
4. баланың сақталған компенсаторлық мүмкіншіліктерін зерттеп, анықтап, ескере отырып «Жеке Дамыту Бағдарламасын» құру.
3. Тәрбиелеу кезеңі:
Баланың отбасындағы, қоғамдық орындардағы мінез-құлқын, жеке тұлғаның қоршаған ортада өзін-өзі ұстауға, жаңа ортаға үйренуіне қажетті жағымды қасиеттерін тәрбиелеу.
Сөйлеу тіліндегі бұзылыстар түрі, құрылымы мен деңгейі:
6 бала – ротацизм яғни дислалия
1. Ермұханбет Мәди
2. Төлеутай Мадияр
3. Қуанышбек Шұғыла
4. Кененбаева Томирис
5. Адаев Манас
6. Мұхтарұлы Аслан
1 бала – сигматизм
1.Мұсағұл Адина
Баланың сөйлеу тілін бұзылуын әртүрлі жаттығулар арқылы түзету жұмыстары логопедиялық сабақтарда жүргізілді. Логопедиялық тұзету сабақтарының мақсаты: сөйлеу тілі бұзылған бастауыш оқушыларын анықтап, диагностикалық бақылау жүргізу арқылы білім беру және түзету жұмыстарын жүргізу.
Сөйлеу тілі бұзылған балаларға, атап айтқанда логопад балаларға жекелей және топтық сабақ кестелері, сабақ жоспарлары құрылды.
Сөйлеу тілі бұзылған оқушыларға сабақ жоспарлары баланың даму қабілетіне қарай бағытталып құрылды.
Жалпы тілінің дамымауының әртүрлі деңгейіне байланысты құрылған жеке дамыту бағдарламасы бойынша қойылған төмендегідей мақсат- міндеттері:
- сөйлеу тілінің түсінуін қалыптастыру;
- енжар және белсенді сөздік қорларын дамыту;
- белсеңді сөйлеу тіліне ынталандыру дамыту;
- байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту, заттық және сюжеттік суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер құрауға ынталандыру;
- қалыптаспаған дыбыстарды қоюға арнайы жаттығулар қатарын үйрету;
- сөйлеу тіліндегі қалыптасқан дыбыстарды толық анықтап, дыбыстарды қою және бекіту жұмыстарын жүргізу;
- сөйлеу тілінің лексикалық–грамматикалық құрылымын дұрыс қалыптастыру;
- фонематикалық қабылдау, есте сақтау, сараптау және талдау анализ синтез жүргізу;
Түзету сабақтарының нәтижесінде, балалар алғашқыға қарағанда берілген тапсырмаларды түсініп орындау, өз бетімен орындау, артикуляциялық жаттығуларды игеріп, сөздік қорларын жаңа сөздерімен толықтыру, кеңейту сияқты жетістіктерге қол жеткізуде.
Жоғарыда айтылған логопедиялық түзете-дамыту жұмыстары толығымен қамтылып жатыр. Сөйлеу тілінің түсінуін дамытуға арнайы лексикалық тақырыптар алынды. Бала тұрмыстық шарауларды және жануарлардың дыбыстарын ажыратуға арналған жұмыстар жүргізілді. Бет бұлшықеттеріне арналған емдік уқалау жоспарланып, жасалды. Артикуляциялық аппарат болмаса да, балаға қолмен уқалау арқылы бала мимикалық, ерінге және тілге арналған жаттығуларды жасап үйренуде. Сонымен бiрге дыбыстар қатары аныкталып, оларды қоюға арналған артикуляциялық жаттығулар қатарын игердi. Саусақтарының қимыл-қозғалыстарын дамыту мақсатында жаттығулар, ұсақ заттармен, жұмыс, қарындашпен жұмыс түрлері кеңінен жүргізілді. Бірінші тоқсан бойынша логопунтке тіркелген, логопед балалардың жалпы саны-7, олардың ішінде сөйлеу тілі түзетілген логопедтіңкөмегін қажет етпейтін оқушылар саны – 0. Тізімде тұрған оқушылармен түзету сабақтары келесі тоқсанда жалғастырылады. Сабаққа қатысудың нәтижесі бойынша, мад сыныбының оқушысы –Мұхтарұлы Расул логопед сабағын қажет ететіндігі байқалды.