Ақпарат » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Архарлы орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Архарлы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 460-88-97
Оқу бөлімі:
+7(775) 811-00-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
октябрь
2021

Ақпарат



Мектеп ұжымы


     Еліміздің қарқынды дамуы сан түрлі қажеттіліктерге сәйкес ұлы мақсаттар туғызып отыр. Оның ең бастысы – еліміздің тұғырын берік ұстап тұра алатын, оны одан әрі дамытып, көркейтетін ұрпақ дайындау. Осы қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін «Қазақстан – 2030 стратегиялық даму бағдарламасы»  дүниеге келді. Қоғамды дамытушы күш жастар болғандықтан, оның бойында ұлы істі жүзеге асыра алатындай күш- қабілет болуы керек. Ол күш – білімде, тәрбиеде, іс-әрекетте.Н.Ә.Назарбаев «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек»  деп міндеттейді. Біз осы пікірдің өзінен-ақ білім беру жүйесін реформалауда басқарудың әдіс-тәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігін көреміз. Болашақтың тізгінін ұстаған  жас-жеткіншектерге сапалы білім беруде біздің мектеп  ұстаздарының еңбегі аз емес.

Архарлы негізгі мектептің  ұжымы  біраз жетістіктерге қол жеткізді. 

Оқу жылының басында мектептің әлеу 2021-2022 оқу жылында  мектепте  жалпы 19 мұғалім  дәріс берді. Барлық пәндер бойынша мамандар жеткілікті болды.  Тоқсан басында 41 оқушымен бастап, келгені-3, кеткені-1, оқу жылын 43 оқушымен аяқтадық. Жалпы білім сапасы-74%. Мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттерін шешуге бағытталған біршама жұмыстар  атқарылды. 

Дарынды балалармен жұмыс.

Мектепішілік пән олимпиадасының қорытындысы бойынша  қазақстан тарихы пәнінен  1-ші орын алған  9 сынып оқушысы Мұсағұл Мәдинә, биология пәнінен 1-ші орын алған  9 сынып оқушысы Кененбаева Камиля, ағылшын тілі пәнінен   1-ші орын алған  9 сынып оқушысы Турман Ербол, қазақ тілі пәнінен 1-ші орын алған Оналбаева Аружан аудандық білім бөліміне сұраныс жіберіліп қатыстырылды, ешқандай орынға ие болмадық. 

 Облыстық  «Мың бала» интеллектуалдық-ойынына  3 оқушы Оналбаева Аяжан, Мұсағұл Аслан, Ерсінқызы Данеля қатысты. Республикалық физика математикалық мектебіне Ерсінқызы Данеляға жолдама берілді.

       Республикалық  «Білген»  байқауына білген аламанға  6 сынып оқушысы Ерсінқызы Данеля  І дәрежелі дипломмен марапатталды.  Пән мұғалімі Елеусизова Айгерим Хуатовна, 9 сынып оқушысы 

Мұсағұл Мәдинә қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды.  Пән мұғалімі Касаболатова Улбосын Алмухаметовна.

Русский медвежонок байқауына 12 оқушы қамтылып,барлығы жүлделі орындарға ие болды  1 орын- 11, 3 орын-17

Астра табиғаттану баршаға атты интеллектуалды ойынына мектепалды даярлық топ балалары қатыстырылып жүлделі дәрежелі дипломмен марапатталды.     

Пән мұғалімдерінің курстан өтуі. 

Жаңартылған білім беру шеңберінде жекелеген пәндерден курстан өткен мұғалімдер ақылы-60 пайыз,   тегін-20 пайыз.

Пән мұғалімдері ҚР  Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы  акционерлік қоғамында өзіндік білімдерін  көтеру арттыру мақсатында   курстардан өтті.

 Мұғалімдердің жетістіктері.

Аудандық кәсіподақ ұйымынан Сагындыкова Гульдана Серикбекқызы құрмет грамотасы.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағынан Комегова Бибигул Толкибаевна.

Республикалық Ұлттық интернет олимпиада сайтынан диплом Мырзатай Айжан Мырзатайқызы.

    Заман  ағысына  сай  біліммен  қаруланған  ой-өрісі  жоғары,  зерделі,  жан-жақты  дамыған маман – уақыт талабы. Қазіргі таңда білім мекемелерінің бәрінде жас мамандарды жұмысқа бейімдеу, олардың ұжыммен етене болып кетуіне жағдай жасау бүгінде өз дәрежесінде жүргізіліп жатыр. Биылғы 2021-2022 оқу жылында мектебіміз  жас мамандармен толығып, олар еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар ұрпаққа білімнің кәусар бұлағынан сусындату бағытында еңбек етуде.













Похожие публикации:

17 январь 2022 Тамақтандыру
22 январь 2021 Ашық орган
26 ноябрь 2020 Іс шаралар
25 ноябрь 2020 Іс шаралар
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив