Мектеп тарихы
Мектеп тарихы
Архарлы негізгі мектебі Алматы облысы Кербұлақ ауданы Архарлы ауылыныда орналасқан. Мектеп 1963 жылдан 1970 жылдар аралығында бастауыш мектеп болып іске қосылды. 1970 жылдан бастап 1979 жылдар аралығында білім басқармасының шешімімен негізі мектеп болып жұмыс жасады.
Алматы облысы Кербұлақ аудандық атқару комитеті 1979 жылы тамыз айының 15 жұлдызындағы №15 шешімі бойынша Архарлы орта мектебі болып құрылды. Жаңа ғимаратқа мектеп 1996 жылы көшті. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Ғимараттың және аумағының жалпы ауданы -32.200м2. Жұмыс істеу бір ауысымнан тұрады. Мектепте 18-оқу пән бөлмесі, 1-дене шынықтыру залы, 1-асхана, 1-компьютер сыныбы, 1-кітапхана бар. Мектептің жалпы көлемі – 2354ш.м. Пайдаланатын көлемі – 2038ш.м. Мектеп 320 орынға арналған. Жылу жүйесі – сұйық отынмен «CHAPPEE» 2306 (130-170кв.) пеші 1999 жылы орнатылған.Шатыры- 2010 жылы күрделі жөндеуден өткізілген.