Біз туралы » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Архарлы орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Архарлы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 460-88-97
Оқу бөлімі:
+7(775) 811-00-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

Біз туралы

Мектеп әкімшілігі арасындағы

міндеттерді бөлу туралы


Мектеп директоры А. Хамзаинованың  міндеттері. (1 ставка)

  • жалпы басшылық, бақылау;
  • «ҚР Конституциясын» , «ҚР Білім туралы», «Тіл туралы» , «Педагог мәртебесі », «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарының, «ҚР Еңбек Кодексін» , «Бала құқығы туралы конвенцияның» жүзеге асуын қадағалау, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру басшылыққа алу;
  • педагогикалық, кіші техникалық қызметкерлерді іріктеу, тағайындау және тәрбиелеу;
  • нормативтік іс қағаздармен жұмыс;
  • педагогикалық, директор жанындағы кеңестер жұмысына басшылық жасау;
  • жалпыға бірдей білім беру жұмысының орындалуын бақылау, жағдайы қиын отбасынан шыққан оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру; жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінетін қаражатқа көмек алатын балалардың тізімін бекіту;
  • аудандық білім, статистикалық бөлімдерге тоқсандық, мемлекеттік статистикалық есептер беруін бақылау;
  • мектеп жұмысын жоспарлау;
  • оқу-тәрбие үрдісіне бақылау орнату;
  • сабақтарға қатысу;
  • пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің күнтізбелік жоспарын бекіту;
  • Директордың оқу –ісі жөніндегі орынбасары  - А.Думбергенованың міндеттері.     (0,5 ставка)
  • «Білім туралы», «Педагог мәртебесі » ,«ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңдарының, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру басшылыққа алу;
  • сабақ кестесін құру;
  • пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын қадағалау, бақылау.
  • мұғалімдердің пәндер, факультатив, пән үйірмелері бойынша қысқа мерзімді жоспарларын тексеру,бақылауда ұстау; 
  • сабақтарға қатысу 
  • Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға қатысады; 
  • пән апталықтарын өткізуге басшылық жасау;
  • тәжірибелі ұстаздардың іс тәжірибесін зерттеу, жинақтау, тарату;
  • мектепішілік семинарлар өткізу, қатысу; 
  • пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарын бекіту;
  • әдістемелік жұмыстарға эксперименталдық, инновациялық процестерді енгізуді ұйымдастыру, басшылық жасау;
  • м
  • Тарификацияны жасау;
  • мұғалімдердің жұмыстық есеп табелін жүргізу;
  • сабақ кестесін құру;
  • бақылайтын пәндер: физика, математика 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -  К.Орынбаеваның міндеттері.  (0,5 ставка)

  • «Білім туралы», «Педагог мәртебесі » , «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарының, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру басшылыққа алу;
  • Мектепте тәрбие жұмысының жүйесін құру, ұйымдастыру, басшылық жасау;
  • Тәрбие жұмысын мониторингілеуді жүзеге асыру;
  • Мектептегі тәрбиелік іс – шараларды ұйымдастыру;
  • Мектептегі мерекелік , спорттық іс – шаралар, 5-8 сыныптарда тәрбие кураторлығы, сынып сағаттарын бақылау;
  • ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа жолдауы бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
  • «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар,оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді; 
  • «Ұшқыр ой алаңы»   дебат клубының жобасынабасшылық жасау, қадағалау;
  • Девианттық мінез құлықты балаларды есепке алу, олармен тиісті жұмыс жасауға;
  • Оқушылардың мектепте техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға;
  • Сынып сағаттарының жүргізілуі, саяси хабарлама өткізуін бақылау;
  • Педагогикалық, директор жанындағы кеңестердің шешімдерінің орындалуына бақылау жасау;

  • Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі;
  • Сынып жетекшілердің семинары;
  • Жас сынып жетекшілермен жұмыс;
  • Оқушылар тазалығына, мектептің тазалығына, мектептің тазалық жұмыстарына жауапты;
  • Мектептегі қайырымдылық іс шаралары;
  •  «Жазғы демалыс» жұмыстарының ұйымдастырылуы;
  • Аудан әкімінің, президент атынан өтетін жаңа жылдық шыршасына оқушыны қатыстыру;
  • Бақылайтын пәндері: дене шынықтыру,  көркем еңбек, шағын орталық.

Педагог-ұйымдастырушы – К.Орынбаеваның міндеттері (0,5 ставка)

  • «Білім туралы», «Педагог мәртебесі », «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңдарының, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру басшылыққа алу;
  • «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар,оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді; 
  • Оқушылардың өзін-өзі басқаруына басшылық жасау,жұмысын үйлестіру;
  • Оқушылар күнделігіне 1-4 сыныптар бойынша, 1-4 сыныптарда тәрбие кураторлығы, сынып сағаттарын, ашық тәрбие сағаттарын бақылау;
  • Оқушылардың сабаққа қатысуына;
  • «Ұлдар және қыздар кеңесінің» жұмысын ұйымдастыру, басшылық жасау;
  • «Жас өрт сөндірушілер», «Полицияның жас достары», «Жол қауіпсіздігі инспекторлары»    топтарының жұмыстарын ұйымдастыру, басшылыққа алу.
  • Экологиялық тәрбие бойынша жұмыс;
  • Этика эстетикалық тәрбие бойынша жұмыс;
  • Мерекелік сынып сағаттарының өткізілуі 1-4 сыныптар;
  • Сабақтарға қатысу 
  • Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне,семинарларға,конференцияларға қатысады; 
  • Оқушылар кезекшілігіне жауапты;
  • «Мөлдір бұлақ», «Қауіпсіз дөңгелек», бағдарламалары бойынша жұмысын ұйымдастыру, басшылық жасау;
  • Дәстүрлі мерекелік шараларды ұйымдастыру, өткізу;
  • Педагогикалық, директор жанындағы кеңестердің шешімдерінің орындалуына бақылау жасау;
  • Нормативтік іс қағаздармен жұмыс;
  • «Жазғы демалыс» жұмыстарының ұйымдастырылуы.

-Ұлттық білім беру деректер қорын (НОБД) дұрыс толтыру, жауапты болу;

       - Мұғалімдер кезекшілігіне жауапты.

  Директордың шаруашылық меңгерушісі –К.Маширбетованың міндеттері

  • «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңың орындау, «Өрт қауіпсіздігі туралы Ережені», «Төтенше жағдайлар» туралы Ереженің жүзеге асуын қадағалау; 
  • мектептің оқу тәрбие жоспарын орындалуын, жүргізуін іске асыруды қадағалау, бақылау;
  • мектептің материалдық – техникалық базаға толық жауап береді;
  • Ұлттық білім беру деректер қорын (НОБД) дұрыс толтыру, жауапты болу;
  • материалдық жауапкершілікті толық сақтауға,оның сынуы, бұзылуы, жоғалуына жол бермеу;
  • уақытымен мектеп әкімшілігіне мектеп мүлкі туралы хабар беру;
  •  мектеп тазалығына, мектеп ауласына (кабинеттерге, дәретханаларға, асханаға, дәліздерге);
  • мектептің түнгі кезекшілігін дұрыс ұйымдастыруға;
  • мектепте тұрақты температуралық режимді сақтауға, электр жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне;
  • мектепте психологиялық – моральдық климатын сақтауы;
  • әр сынып кабинетінде сынып жетекшілердің кабинеттегі мүлкін тексеруге, қабылдауға міндетті;
  • қазандықтың дұрыс жұмыс істеуіне;
  • сұйық отынның үнемді жұмсалуына;
  • сұйық отынды қабылдау әрі оның сақталуына қатаң түрде жауапты;
  • келісім шартпен айналысуға;
  • мектеп күзетшілерін тексеруге;
  • кабинет кілттерін түгендеп,тексеруге;
  • вахтер қызметкерлерінің дәптерлерін тексеруге;

Мектеп кітапханашысы -   Б. Касенованың    міндеттері:

  • «ҚР Білім туралы» , «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын басшылыққа алу, «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын жүзеге асырылуына, орындалуы;
  • мектептің оқу – тәрбие жоспарын орындалуын, жүргізуін іске асыруды қадағалау, бақылау;
  • мектеп қорындағы кітаптардың сақталуына;
  • материалдық – финанстік жауапкершілікке жауапты;
  • әдістемелік бұрыштар ұйымдастыруға;
  • Ұлттық білім беру деректер қорын (НОБД) дұрыс толтыру, жауапты болу;
  • мектептің оқу-тәрбие жоспары бойынша оқушылармен, мұғалімдермен іс-шаралар, конференциялар,семинарлар, көрмелер   ұйымдастырып, өткізу;
  • оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етуін қадағалау,орындау;
  • заңға қайшы финанстік құжаттарды сәйкес жүргізген уақытта қылмыстың жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі;
  • «Оқуға құштар мектеп» Жобасын жүргізу;
  • педагогтармен оқушыларды оқуға тартуда тиімді жұмыс формаларын анықтау;
  • кітаптарды насихаттау жұмысын ұйымдастыру;
  • жаңа кітаптармен, мерзімдік басылымдармен таныстыру;
  • өздігінен білім алуда даму тенденцияларын түсіндіру;
  • оқушыға әдебиет таңдауға, оқырмандық қызығушылығын кеңейтуге, мұғалімге кәсіби өсуге көмектесу;
  • реферат, зерттеу жұмыстары, оқу-әдістемелік материалдарды дайындауға мүмкіндік беру;
  • бірінші кезекте көп балалы, табысы аз жанұядағы балаларды оқулықпен қамтамасыз ету;
  •   Педагог психолог А.Джампейсованың  міндеттері:
  • «ҚР Конституциясын» , «ҚР Білім туралы», «Тіл туралы» , «Педагог мәртебесі », «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңдарының,  «Бала құқығы туралы конвенцияның» жүзеге асуын қадағалау, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • мектептің оқу-тәрбие жоспарын орындалуын, жүргізуін іске асыруды қадағалау, бақылау;
  • «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар,оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді; 
  • 1-9 сынып оқушыларымен психологиялық диагностикалық жұмыстарын жүргізу;
  • 1-9 сынып оқушыларымен психологиялық түзету және дамыту жұмыстарын жүргізу;
  • 1-9 сынып оқушыларымен психологиялық профилактика жұмыстарын жүргізу;

  • кеңес жұмысын жүргізу;
  • педагогтарды, білім алушыларды проблемалық мәселелермен қабылдау; 
  • мектепте психологиялық – моральдық климатын сақтауы;
  • Педагогикалық, директор жанындағы кеңестердің шешімдерінің орындалуына жауапты;
  • нормативтік іс құжаттармен жұмыс

Логопед  - А. Орынтайдың міндеттері:

  • «ҚР Конституциясын» , «ҚР Білім туралы», «Тіл туралы» , «Педагог мәртебесі » , «ҚР жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , 
  • «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарының, «Бала құқығы туралы конвенцияның» жүзеге асуын қадағалау, «2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алу;
  • Баланың дене,психикалық,сөйлеу, неврологиялық мәртебесін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігін бағалауды жүзеге асырады,баланың сөйлеу және психофизикалық дамуына тексеру жүргізеді, құжаттаманы жүргізу және талдау; 
  • Жеке оқу, жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлейді,әр түрлі білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық- педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру; 
  • Сынып жетекшілерімен және басқа да мамандармен тығыз байланыста топтық және жеке түзету, бұзылған фунцияларды қалпына келтіру және ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушіні әлеуметтендіру бойынша қызметті жүзеге асыру;
  • Педагогтерге,ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөнінде кеңес беру;
  • «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар,оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу; 
  • Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді,стандарт талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлерін,тәсілдерін,әдістері мен құралдарын қолдану; 
  • Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады; 
  • Үнемі өзінің кәсіби біліктілігін арттырады, курстардан өту; 

Похожие публикации:

01 сентябрь 2022 Стандарт
01 сентябрь 2022 Біз туралы
19 январь 2022 Тамақтандыру
17 январь 2022 Тамақтандыру
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив